Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім жариялайтын күнді ауыстырды

Бұл алдағы мереке күндеріне байланысты

Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) базалық мөлшерлеме бойынша ҚҰБ-тың Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті шешім жариялайтын күнді 2022 жылдың 24 қазанынан 26 қазанға ауыстырғанын хабарлайды.

ҚҰБ-тың базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау кестесіндегі бұл өзгеріс «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгерістер енгізуге және көрсетілген кезеңде демалыс күндерінің ауысуына байланысты болып отыр. 

ҚҰБ Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылдың 26 қазанында Астана уақытымен сағат 14:00-де жарияланады. 

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда