Мұғалім болып істеген алаяқтың үстінен 100-ден астам адам арыз жазды

Жарияланды
Ол сыйақы үшін тестілеуден өткізуге  уәде берген

Бұрын педагог болып жұмыс істеген күдікті сыйақы үшін тестілеуден өтуге уәде беріп, тұрғындардың ақшасын жымқырған. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Бұрын педагог болып жұмыс істеген Павлодар облысының тұрғыны белгілі бір сыйақы үшін ұлттық біліктілік тестілеуінен өтуді ұсынған. Ол өз «қызметін» 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін бағалаған. Полицияға бүгінгі таңда алданған 108 адам арызданған.

 Күдікті клиенттерін мұғалімдердің Telegram арнасындағы чаттары мен сайттарға жарнама орналастыру арқылы тапқан. Ол чаттарда ұстаздардың біліктілігін арттыру үшін ұлттық тестілеуден өтуге көмектесіп жүргенін жазып, адамдарға жалған сертификаттар берген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыз