АҚШ-тан есірткі контрабандасының жолы кесілді

Қылмыскерлер Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қаланың Авиациялық көлік прокуратурасымен бірлесіп аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 2 қазанында Алматы қаласында қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алғаннан кейін жалпы салмағы 648,98 гр. «марихуана», сондай-ақ жалпы салмағы 675,65 гр «гашиш» есірткі заттары табылып тәркіленген Алматы қаласының тұрғындары ұсталды.

Аталған адамдар Telegram мессенджері арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлады, тінту барысында электрондық таразылар мен өлшеп орауға қажетті басқа да құралдар табылды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, күдіктілер қамалды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда