Қазақстанға келген ресейліктердің қатары 300 мыңға жетіп қалды

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Соның 147 мыңы елде қалған

21 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ресей Федерациясының 281 548 азаматы Қазақстанға кірген. Дәл осы кезеңде келген орыстың 134 04-і елден кеткен. Қазіргі кезде Қазақстанда Ресей Федерациясының 147 501 азаматы қалған. «Курсивке» бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

ҰҚК органдары түрлі заңды себептермен Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген шетелдіктердің статистикасын жүргізбейтінін атап өтті.

Айта кетейік, 4 қазан күні Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 21 қыркүйектен бері Қазақстан шекарасын 200 мыңнан астам ресейлік кесіп өтті деген еді.

Көрші елден ағылған «ұлы көш» отандық баспана нарығына қыздырып, баспана бағасын шарықтатып жіберді.

Сондай-ақ оқыңыз