Балалар жылында сәбилерге арналған кітаптың тұсауы кесілді

Жарияланды
«Шамшырақ» кітабының таныстырылымы өтті.

ҚР Ұлттық кітапханасында ақын, ұстаз, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Шәмшабану Хамзақызының «Шамшырақ» кітабының таныстырылымы өтті.

сәнік қорынан алынды

Оған белгілі ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, жоғарғы оқу орнының оқытушылары мен студенттері, ұстаздар, қаламгердің туған-туыстары мен БАҚ өкілдері қатысты. Таныстырылымды Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып ашып, қаламгер болмысы мен жаңа кітап жайлы мәлімет берді.

Жазушы, этнограф Зейнеп Ахметова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабай, жазушы Жұмабай Біләлұлы, жазушы, журналист Жүсіпбек Қорғасбек, әдебиеттанушы Жолдасбек Мәмбетов, үздік ұстаздар Гүлшарбан Сабырова, Рахима Бөлекбайқызы, жазушы, драмматург Думан Рамазанұлы, ақын Қайрат Құлмұхаметұлы, т,б, қаламгер шығармашылығы мен өнегелі өмірі жайында естелік айтып, лебіздерін білдірді, сый-сиапат жасап құрмет көрсетті.

Іс-шараны Ұлттық кітапхананың қолдауымен «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» ұйымдастырды.

«Шамшырақ»» кітабына автордың бұрын жарияланбаған мақалалары, естеліктері, ой-толғаулары, сұқбаттары, балаларға арналған шығармалары және ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мақалалар енген. Кітап арқылы оқырмандар ұлағатты ұстаз, қадірлі қаламгер, аяулы жар, ардақты ана Шәмшабану Хамзақызының рухани әлеміне бойлап, тұлғалар өмірі және шығармашылығы, қазақы құндылықтар мен ұлттық тәрбие жайында тағылымы мол мәліметтерге ие болады.

Сондай-ақ оқыңыз