Еркін Наурызбаев «QAZAQ AIR» АҚ басқарушысы болып тағайындалды

Жарияланды
Ол әуекомпанияның бүкіл тарихында басқарушы болып тағайындалған алғашқы отандық маман

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма шешімімен «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма төрағасы болып Наурызбаев Еркін Әнесұлы тағайындалды. Бұл туралы  QAZAQ AIR баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін ол Басқарма мүшесі ретінде әуекомпанияда басқарушы қызметтер атқарды.

Айта кету керек, әуекомпанияның бүкіл тарихында Еркін Наурызбаев – «QAZAQ AIR» АҚ басқарушысы болып тағайындалған алғашқы отандық маман. Авиациядағы жұмыс тәжірибесі 17 жыл.

Сондай-ақ оқыңыз