Илон Маск тағы да Twitter-ді сатып алуды ұсынды

Жарияланды
Бұл жаңалықтан кейін Twitter акциялары 18%-ға қымбаттады

Америкалық кәсіпкер Илон Маск Twitter-ді бастапқы бағамен сатып алуды ұсынды.

Осыған дейін12 шілдеде Twitter Маскты міндеттемелерді дұрыс орындауға мәжбүрлеу үшін сотқа жүгінген.

Сәуір айында Маск әлеуметтік желіні 44 миллиард долларға сатып алуды ұсынды. Бірақ шілде айының басында заңгерлер Twitter-ді жалған профильдер туралы сенімді ақпарат бермегендіктен сатып алудан бас тартқанын хабарлады.

АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауынша, келісім жұма күні мақұлдануы мүмкін.

Жаңалық жарияланғаннан кейін бірден Twitter акциялары 18%-ға қымбаттады, содан кейін сауда тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыз