Тоқаевты президенттік сайлауға жастар ұсынды

Жарияланды
Бұл бастаманы Qazaqstan Team қауымдастығы көтерді

«Qazaqstan Team» қоғамдық жастар бірлестігі Қазақстандағы алдағы президенттік сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде ұсыну туралы бастама көтерді.

Qazaqstan Team басшысы Олжас Сүлейменовтің айтуынша, жастар бірлестігі мемлекет басшысы ұсынған реформалар пакетін қолдайды.

«Біздің ұйымның көптеген мүшелері – жас кәсіпкерлер. Біздің ұйымның мүшелері білім беру саласында да жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформалар пакеті бізді де толғандыратын көптеген салаларды қамтиды деп есептейміз. Сондықтан біз оны ұсыну туралы шешім қабылдадық», – деді ол.

Тоқаевты Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде ұсыну бастамасын ұйым мүшелері бірауыздан қолдағаны атап өтілген.

Сондай-ақ оқыңыз