Грекияда зейнеткерлер көшеге шығып, наразылық білдірді

Жарияланды
Шерушілер ең төменгі зейнетақыны 384 еуродан 650 еуроға көтеруді талап етті

Грекияда зейнеткерлердің төлемдер деңгейін көтеруді талап еткен наразылық акциясы өтті. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Елордада орналасқан Синтагматос алаңына жиналған наразылар Министрлер кабинетіне дейін шеруге шықты.

Шерушілер ең төменгі зейнетақыны 384 еуродан 650 еуроға дейін көтеруді, мемлекеттік ауруханалардағы медицина қызметкерлерінің штатын көбейтуді және кез келген соғыстарға қатысудан бас тартуды талап етті.

Сондай-ақ оқыңыз