Гватемалада адам толы пикап 25 метрлік жардан құлады

Оқиға салдарынан 17 адам көз жұмды

Гватемаланың оңтүстік-шығысында адамдарды алып бара жатқан жүк көлігі жардан құлап, 17 адам қаза тапты. Тағы 13 адам жараланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады CBV ерікті өрт сөндіру бөлімі.
«Конакасте ауылында (Хокотан, Чикимула департаменті) болған оқиға 17 адамның өмірін қиды. Зардап шеккендерді жедел жәрдем жергілікті ауруханаға алып кетті.», – делінген Twitter-дегі CBV блогында.

Жергілікті Periodico басылымына жазған түсініктемесінде зардап шеккендердің бірі жүргізушінің басқаруды жоғалтқанын, содан кейін көлік 25 метрлік жардан құлағанын айтты.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда