Зулфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Спортшы 55 келі салмақ дәрежесінде алтын медальға қол жеткізді

Қазақстандық Зульфия Чиншанло Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол 55 келі салмақ дәрежесінде алтын медальға қол жеткізді. Биатлонның қорытындысы бойынша ол 220 (95 + 125) келі көрсетті.

Екінші орында қытайлық спортшы Линглу Лю – 210 келі. Үздік үштікті Нигора Абдуллаева (Өзбекстан) жапты – 193 келі.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда