Қазақстандық Зульфия Чиншанло Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 55 келі салмақ дәрежесінде алтын медальға қол жеткізді. Биатлонның қорытындысы бойынша ол 220 (95 + 125) келі көрсетті.
Екінші орында қытайлық спортшы Линглу Лю – 210 келі. Үздік үштікті Нигора Абдуллаева (Өзбекстан) жапты – 193 келі.