Қазақстандықтар қандай смартфондарды таңдайды

Жарияланды
Елімізде нарықтағы смартфонның орташа құны өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға өскен

OLX сервистерінің деректеріне сәйкес, 2022 жылы сайтта жалпы құны 74,9 млрд. теңге болатын 679 000 смартфон сатылды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6%-ға жоғары. Бұл зерттеуді khalykbergen.com жүргізді.

Ең көп сатылған брендтердің 5 үздігіне екінші жыл қатарынан шартсыз көшбасшылықты сақтап келе жатқан Apple (46%), Samsung (27%), Xiaomi (13%), Huawei (4%) және Nokia (1%) кірді.

Осыған қоса Apple және Xiaomi өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда орнын ұстап және нарықтағы өз үлесін ұлғайтқан, ал Samsung және Huawei оларды аздап жоғалтқан.

Нарықтағы смартфонның орташа құны Қазақстанда өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14%-ға өскен.

Қазақстандықтарды қызықтыратын ең көп бренд Iphone.

Iphone14 моделі 2022 жылдың қыркүйегіндегі қорытындылары бойынша сервис смартфондары нарығында 0,12%-ды құрайды. Оны ресми сатылым айының қорытындылары бойынша брендті іздеу сұранысын 11 000 жуық адам енгізген, сервистегі модельдің орташа бағасы 716 300 теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз