Қызылорда облысында ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Жарияланды

ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаментімен жүргізілген ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.

Мемлекеттік қызметшілер  өздерінің қызмет бабын пайдана отырып, облыс аумағында 2019-2020 жылдарға арналған бірқатар жобалар бойынша инвестициялық субсидия қаражатын үлестіру барысында кәсіпкерлік нысандарымен келісімге келіп, бірнеше шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмаса да, жабдықтар мүлдем қойылмаса да, жұмыстардың толық орындалғаны туралы жалған құжаттар әзірлеген және ақпараттарды «Qoldau.kz» жүйесіне енгізіп, субсидия беру туралы өтінімге электронды  қол қойған.

Өз кезегінде кәсіпкер тұлғалар жалпы келісім-шарт сомасының 10 пайызы көлемінде сыйақы үшін жалған құжаттар әзірлеп, қаржы жымқырған.

Осындай қылмыстық әрекеттер негізінде келтірілген 25 млн. теңгеге жуық залал сомасы қылмыстық іске қатысушылар тарапынан толығымен өндірілді. Сот шешімімен Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы мен бас маманы кінәлі деп танылып, мемлекеттік ұйымдарда материалдық немесе қаржы аударымына негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы жүктелетін лауазымдарда қызмет атқару құқығынан 3 жылға айырыла отырып, 2 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын алды

Сондай-ақ оқыңыз