Жыл басынан 112 шұғыл нөміріне 5 миллионға жуыққоңырау келіп түсті

Жарияланды

Қазақстанда 112 нөмірі жедел әрекет ету қызметтерін шақырудың бірыңғай нөмірі болып табылады: өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек.  

ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларда басқару орталығының мәліметінше, 112 шұғыл нөміріне 4 901 489 қоңырау түскен. Оның ішінде жедел ден қоюды талап ететін ТЖМ желісі бойынша өрт, су тасқыны, қар кептелісі, төтенше жағдайға тап болған адамдардан 461 701 қоңырау түсті. Әр жағдайда оларға көмек көрсетіліп, ақпарат әрекет үшін құзыретті қызметтерге берілді.

Сонымен қатар, «101» пульті – өрт сөндіру қызметінің телефонына табиғи, техногендік және тұрмыстық өрт бойынша 412 329 қоңырау түсті. Диспетчердің пультіне жану туралы уақтылы хабарлау кезінде өрттің дамуына жол бермеу және таралуын болдырмау мүмкіндігі бірнеше есе артатынын атап өткен жөн. Бұл мәселе жылыту маусымы қарсаңында ерекше өзекті болып отыр, статистикаға сәйкес тұрмыстық өрттер саны артып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, жедел қызметтердің телефондары келіп түсетін хабарламаларды қабылдау және өңдеу процесінің объективтілігі мен жетілдіру үшін (112, 101) нөмірді анықтау бағдарламасымен және сөйлеуді жазу жүйесімен жабдықталған.      

Сондай-ақ оқыңыз