Қазақстан халқының  20,4% темекі өнімдерін тұтынады

Жарияланды
Өңірлер арасында темекі өнімдерін тұтынатындардың ең көп үлесі Қарағандыда тіркелді

Ересек халықтың темекі тұтынуы бойынша үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 20,4% темекі тартады (темекі тартпайтындар – 79,6%), барлық ер адамның 38,4%, (темекі тартпайтындар – 61,6%), ал әйелдердің 8,4% темекі өнімдерін тұтынады (темекі тартпайтындар – 91,6%). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Темекіні тарту жиілігі бойынша халықтың бөлінісі келесідей: респонденттердің 16,6% темекіні күн сайын тартады, анда-санда тартатындар – 3,8%. Үйлерінде темекі түтінінің әсеріне ұшырайтын респонденттердің үлесі – 12,8%, жұмыста – 8,1%, қоғамдық тамақтану орындарында – 10,5%, олардың басым көпшілігі (93% астамы) темекі тартпайтын адамдар.

Өңірлер арасында темекі өнімдерін тұтынатындардың ең көп үлесі Қарағанды (25,4%), Павлодар және Жамбыл облыстарында (24,6%) тіркелді.

Темекі тарту ауыр ауруларды тудырады деп санайтын респонденттердің үлесі 85,5% құрайды. Қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салу туралы заңнаманың қолданылуын қолдайтындар – 67,7%.

2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы темекі тартатын респонденттердің үлесі 18-28 жас және 60(63) жас және одан жоғары жас топтарында өсті, қалған жас топтарында төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз