Жаңалықтар

Президенттікке үміткер ретінде 12 адам құжат тапсырған

ОСК ҚР президентін кезектен тыс сайлауға үміткерлерді тіркеу қорытындысын шығарды

20 қарашада өтетін ҚР президентін кезектен тыс сайлауға үміткер ретінде 12 адам құжат тапсырған. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы отырысында Мұқтар Ерман мәлімдеді.

Айта кетейік, 11 қазан күні сағат 18:00-де кезектен тыс сайлауға президенттікке кандидаттарды ұсыну аяқталды. Үміткерлерді ұсыну кезеңі 23 қыркүйек пен 11 қазан аралығында 19 күнге созылды.

ОСК хатшысы Мұхтар Ерман «Аманат» Қазақстан кәсіподақтары қауымдастығы Мейрам Қажыкенді, «Ауыл» ХДП партиясы – Жигули Дайрабаевты, ЖСДП – Нұрлан Әуесбаевты, республикалық қоғамдық ұйымдар – Қасым-Жомарт Тоқаевты, «Мұқалмас» ҮЕҰ – Нұржан Әлтаевты, Кәсіби әлеуметтік қызметкерлері Ұлттық альянсы Қарақат Әбденді үімткер ретінде ұсынғанын айтты.

Сондай-ақ, Құрылысшылар одағы Талғат Ерғалиевті, «Халық демографиясы» ҮЕҰ – Жұматай Әлиевті, «Асар» ҚБ – Хайрулла Ғабжалиловты, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» ҚБ – Салтанат Тұрсынбекованы, Футбол жанкүйерлер лигасы – Бақыт Жаңабаевты, «Тәжірибелік психология» РҚБ Фатима Бизақованы ұсынған.