Германияда инфляция тұрғындарды ломбардтарға жүгінуге мәжбүр етуде

Жарияланды
Қыркүйек айында Германияда азық-түлік бағасы 18,7%-ға қымбаттады

Германиядағы инфляцияның өсуі аясында тұрғындар заттарың ломбардтарға жиі өткізуге мәжбүр болып отыр. Бұл туралы ru.euronews агенттігі хабарлады.

Бүгінде Германияда клиенттер дүкендерге кепілге құнды заттарын қалдырып, шағын несие ала алады. Елде ондай 250-ге жуық дүкен бар.

«Бұл өте қиын. Қазірдің өзінде қаражат ештеңе жетпейді. Азық-түлік сатып алу қиындап барады. Балаларыма азық-түлік алу үшін сүйікті шаңсорғышымды ломбардқа өткізуге тура келді», – дейді тұрғын.

«Банк сияқты, ломбард елдегі экономикалық жағдайдың көрсеткіші», – дейді Ломбард иесі Николаус Боде.

Сондай-ақ оқыңыз