Vietjet Air авиакомпаниясы Қазақстанға рейстерді іске қосады

Жарияланды
25 қазанынан бастап

Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей рейстің ашылуының тұсаукесері өтті. Салтанатты шараға Вьетнам Социалистік Республикасының Вице-президенті Во Тхи Ан Суан ханым қатысты.

VietJet Air вьетнамдық авиакомпания 2022 жылдың 25 қазанынан бастап Алматы – Нха Транг бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды. Ұшулар аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, сенбі) А-330 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Vietjet Air 2022 жылдың 25 желтоқсанынан бастап Астана – Нха Транг бағыты бойынша ұшуларды бастауды жоспарлап отыр. Рейстер А-330 типті әуе кемелерімен аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, бейсенбі) орындалатын болады.

Сонымен қатар, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтің вьетнамдық Vietjet Air авиакомпаниясының вице-президенті Чу Виет Цуонг мырзамен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасы мәселелерін талқылады. Қазақстандық тарап Vietjet Air әуекомпаниясына Қазақстанға рейстерді іске қосуға және ұлғайтуға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Анықтама: VietJet Air – 2007 жылы құрылған вьетнамдық төмен бюджеттік авиакомпания. 100-ге жуық Айрбас А-320, А-321 және А-330 типті әуе кемелерін пайдаланады. Авиакомпанияның штаб пәтері Хошимин қаласында (Вьетнам) орналасқан. 52 ішкі және 52 халықаралық бағыттар бойынша рейстерді орындайды. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мүшесі болып табылады.

Жаңалықтарды телеграм каналымыздан оқыңыздар -->

Сондай-ақ оқыңыз