Алматыда ЖРВИ-мен сырқаттанудың маусымдық өсуі байқалады

Бүгінгі таңда тұмауға қарсы вакцинаны 125 мыңнан астам алматылық алды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті.

Сонмен бірге ол бірқатар жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Эпидемиологиялық жағдай мегаполисте тұрақты.

 Басқарма басшысының айтуынша, Алматыда 50-ден астам қауіпті аурулар тіркелмеген, оның ішінде тырысқақ, оба, сібір жарасы, геморрагиялық қызба, дифтерия, қызылша, қызамық, сіреспе және т.б.). Бұл  жағдай эпидемиологтардың бақылауында, бір қуантатыны, бұл инфекциялар мегаполисте таралмаған. 

Нозологиялық сырқаттанудың 5 түрі, соның ішінде этиологиясы анықталған жіті ішек инфекциясы, ротавирусты инфекция, анықталған короновирустық инфекция, анықталмаған короновирустық инфекция, ЖРВИ бойынша сырқаттану деңгейінің төмендеуі байқалады.  

Спикердің айтуынша, қалада менингококкты инфекция, токсокарозлямблиоз, сырттан әкелінген безгек жағдайлары (Оңтүсьік Африкадан), және тұмаудың үш жағдайы тіркелген.  Бас  санитар дәрігер тамақтан улану, ботулизм, листериоз, серозды менингит, А вирусты гепатиті, жіті В вирусты гепатиті, кене энцефалиті, анықталған коронавирус инфекциясы бойынша жағдай туралы баяндады. Бұл жағдайға қатысты сырқаттанудың өскені тіркелген. 

 «Денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп барлық инфекция және паразиттік аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар уақтылы жүргізілді», – деп атап өтті Қасымхан Алпысбайұлы. 

 Мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталған СЭБД басшысы қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың маусымдық өсуі байқалғанын атап өтті. Мәселен, өткен аптада ЖРВИ-дің 28 586 жағдайы тіркелді.

Оның ішінде 69,1%-ында балаларды(18649 жағдай) қамтыған. Зертханалық мониторингке сәйкес, қалада риновирустар, РС вирусы, парагрипп вирусы және маусымдық коронавирус сияқты жедел респираторлық вирустық инфекциялар таралған.

 Ол өткен 2021-2022 ж. эпидемиологиялық маусымда қалада А/H3N2 типті тұмау вирусы (51 жағдай), риновирустар, РС вирусы, маусымдық коронавирус сияқты басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар да қатар жүрді (тұмаудың алғашқы жағдайлары 2021 жылдың қараша айының басында 44 аптада тіркелген). 

«Жалпы ДДҰ-ның эпидемиологиялық және зертханалық деректерін ескере отырып, алдағы 2021/2022 жылғы эпидемиялық маусымда айналымда тұмау вирусының А (H1N1), A (H3N2) және В типті штамдары өзекті болады. Сондықтан тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – дер кезінде оған қарсы вакцина алу. Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайды, сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда қазан-қараша айларында тек ағымдағы шығарылған жылғы вакцинамен ғана алу керек», – деп кеңес берді Алматы қаласының бас санитар дәрігері. 

Вакцина алғаннан кейін иммунитет 14 күннен кейін қалыптасып тек қана маусым бойы сақталады (1 жылға дейін). Қауіпсіз және тиімді вакциналар қолжетімді және 60 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді Ағымдағы жылда тәуекел тобындағы адамдарға жергілікті бюджеттен  Ресейде өндірілген тұмауға қарсы үшваленнтіағымдағы жылдың штамы бар  «Гриппол Плюс» вакцинасының 130 000 дозасы сатып алынды. Сонымен қатар қосымша 80000 доза вакцина сатып алынады.

Осылайша, ағымдағы эпидемияға дейінгі маусымда сатып алынған вакцинаның жалпы көлемі 210 000 дозаны құрайды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қазір оқуда