Жол-көлік оқиғасы үшін әлемде және Қазақстанда қандай жаза қолданылады?

Жарияланды
Сақтандыру төлемі де әртүрлі

Жол-көлік оқиғасының қаншалықты күрделі болғанына байланысты жазалау салмағы да әртүрлі. Freedom Insurance сақтандыру компаниясының мамандары ақпараттың ашық көздеріндегі мәліметтерді зерттеп, жол жүру ережелерін бұзғаны үшін, Қазақстандағы және басқа елдердегі айыппұл салу мөлшерлерін салыстырып көрген.

Зерттеулерге сәйкес, Қазақстан жол жүру ережесін бұзғаны үшін ең қата жаза белгілейтін мемлекеттер қатарына кіреді. Мысалы, көлікті масайған күйінде басқару, қос тұтас жолақты қиып өту, көлік құралын тоқтату туралы қызметкердің талаптарын орындамау, және т.б. Алайда, Қазақстанмен салыстырғанда, болар-болмас бұзушылықтар бойынша іждағатссыз автоиелеріне миллиондаған айыппұл салу, таяқтап ұру және абақтыға отырғызу шаралары қолданатын елдер де бар.

ҚР және басқа елдерде жүргізушілерге не үшін айыппұл салынады:

Жылдамдықты асыру

Норвегия. Бұл елде жылдамдықты 25 км/с асырғаны үшін көлік басқару құқынан үш жылға дейін айырады. Қайталама бұзғаны бойынша, бас бостандығынан айыру немесе түзету жұмыстары тағайындалады.

Қазақстан. 2022 жылда жылдамдықты 10-20 км/с асырғаны үшін, айыппұл – 5 АЕК (15 315 теңге). Жылдамдықты 20-40 км/с астам асырғаны бойынша – 10 АЕК (30 630 теңге).

Қауіпті басқару

Сауд Арабиясы. Көлікті рұқсат етілген жылдамдықтан асырып айдағаны үшін жүргізушіге үш еселенген жаза белгіленеді – 800 сауд риалы (100 998 теңге), 20 күн абақты және 20 таяқтау.

Егер жүргізуші ережені екінші рет бұзса – 1600 сауд риалы (201 997 теңге), 20 күн абақты, 20 таяқтау, содан кейін көлікті тәркілейді.

Қазақстан. Жол жүру кезінде апаттық оқиға туғызған жүргізуші10 АЕК айппұл төлейді (30 630 теңге, 2022 жылы). Егер көлікті дұрыс басқармау салдарынан автокөлік, жүк, жол немесе өзге де құрылғылар зақымдалса, онда – 20 АЕК (61 260 теңге,2022 жылы) немесе 6 айға жүргізуші құқынан айыру.

Бағдаршамдағы тыйым салынған белгіге өту

Жапония. Бағдаршамның белгісінескермеген жүргізушіге мөлшері шамамен 61 087 йен (199 325 теңге) құрайтын айыппұл салынады, сонымен қатар, түзету жұмыстары тағайындалып, жарты жылға абақтыға отырғызады.

Қазақстан. Шамның қызыл түсінежүру немесе жол жүруді реттеушінің тыйым салу белгісін елемегені үшін айыппұл – 10 АЕК (30 630 теңге, 2022 жылы). Әкімшілік жаза тағайындалғаннан кейін, жыл ішінде екінші рет бұзса – 15 АЕК (45 945 теңге, 2022 жылы).

Қауіпсіздік белдігін тақпау

Ұлыбритания. Егер жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған болса, оған 500 фунт (262 919 теңге) айыппұл салынады.

Қазақстан. Аталған бұзушылық үшін айыппұл мөлшері5 АЕК (15 315 теңге, 2022жылы).

Ұялы телефонды пайдалану

Ирландия. Ұялы телефонмен сөйлескен жүргізушілерге айыппұл мөлшері 2000 евро (924 346 теңге).

Қазақстан. 5 АЕК (15 315 теңге,  2022жылы) айыппұл салынады.

Ішімдік ішіп алып көлік басқару

Малайзия. Бұл жерде, аталған бұзушылық бойынша жүргізуші бір жыл абақтыға жабылып, 6000 ринггит (612 314 теңге) айыппұл тағайындалады. Қайталама бұзғаны үшін –екі жылға абақтыға отырғызу және 10 000 ринггитқа дейін (1 020 523 теңге) айыппұл салу, сонымен қатар, жүргізуші құқынан бір жылға айыру көзделген.

Жапония. Ережені бұзғаны үшін жүргізуші 1 млн йенге дейін (145 447 000 теңге) айыппұл төлеуге тиісті немесе абақтыға 5 жылға жабылады.

Қазақстан. Көлікті мас күйінде жүргізгені үшін минималды айыппұл – 15 тәулікке әкімшілік тұтқындау және 7 жылға жүргізуші құқынан айыру. Қайталама бұзғаны үшін – 20 тәулікке әкімшілік тұтқындау және 8 жылға жүргізуші құқынан айыру.

Қоқыс лақтыру

Германия. Тыйым салынған жерде машинадан лақтырылған қоқыс үшін айыппұл – 1000 евроға дейін (460 703 теңге).

АҚШ. Айыппұл 1000 доллардан басталады (474 377 теңге). Орегон штатында бір айға абақтыға да жабады.

Сингапур. Айыппұл – 1437 сингапур долларынан бастап (474 639 теңге) және 12 сағат қоғамдық жұмыс.

Қазақстан. Тыйым салынған жерде машинадан лақтырылған қоқыс үшін айыппұл – 2 АЕК (6 126 теңге).

Сондай-ақ бірқатар қызықты айыппұл түрлері де бар. Мысалы, АҚШ-тың Канзас штатының Дерби қалашығында доңғалақ тысының қатты шықырлағаны үшін 500 доллар мөлшерінде айыппұл салынады, тіпті 30 күнге абақтыға жауып тастауы да ықтимал. Австралияда жүргізуші көлік жүргізіп келе жатып су ішсе 170 австралиялық доллар айыппұл (50 905 теңге) төлеуге мәжбүр болмақ. Түркия радар-детекторды пайдалануға тыйым салып, оған қатысты 11 343 лира (289 586 теңге) айыппұл белгілеген. Мұндай айыппұл түрлері біздің елімізде жоқ.

«Әрбір елде, соның ішінде Қазақстанда, ОГПО міндетті автосақтандыру полисі болмаған жағдайда айыппұл салынады. Қазақстанда оның мөлшері – 5 АЕК, яғни, 15 315 теңге. Полистің орташа құны 12 000 және 30 000 теңге аралығында құбылуда. Бүгінгі күнде, ОГПО полисін ресімдеудің бірнеше нұсқалары бар, мысалы, сақтандырушының онлайн-сайтында, біржолғы төлем ретінде. Сонымен қатар, сақтандыруды жазылым түрінде ресімдеуге болады, ол автоматты түрде ұзартылып отырады. Жазылымды кез келген уақытта тоқтатуға болады», деп түсініктеме береді Freedom Insurance СК.

Сондай-ақ оқыңыз