Атырауда тұрғын үйлердің 80% жылуға қосылды
Жарияланды
Қалада 19 қазанға дейін 244 үй жылумен қамтамасыз етіледі
Бүгінде көпқабатты тұрғын үйлердің 80% жылуға қосылған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметінше, Атырауда 1019 үй қысқы жылыту маусымына толық дайын.
«16 қазандағы жағдай бойынша 775 үй жылытуға қосылған. 19 қазанға дейін қалған 244 үй жылумен толық қамтылады», – деді ТКШ қалалық бөлімінде.
Қазіргі уақытта ПИК және ТКШ басшыларына қалған 244 үйге жылуды қысқа мерзімде қосу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. 200-ден астам үйге жылуды қосу кешігуіне байланысты ПИК басшыларына тиісті шаралар қабылданады