Қазақстандықтарға 327 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді

Жарияланды
Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша

Осы жылдың 9 айында қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 327 млрд теңгеден астам қаражат төленді.Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы қыркүйек айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 534,6 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 156 мың адамға жетті.

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 53 802 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 46 328 теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыз