Ақтөбеден бес бағытта жаңа әуе рейстері ашылады

19 қазаннан бастап

Жыл соңына дейін Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайы Ақтөбеден бес бағытта жаңа әуе рейстерін ашады. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа бағыттарды ашу жұмыстары Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен жүзеге асып отыр.

“Ашық аспан” режімі аясында енді ақтөбеліктер 19 қазаннан бастап Таиланд, Пхукет аралдарына, 24 қазаннан бастап Дубайға, қарашадан бастап Ташкентке, сондай-ақ Самараға ұша алады.

Ақтөбеден Орал қаласына да тұрақты рейс 1 қарашадан ашылады. Ұшақтардың ұшуы сейсенбі және сенбі күндеріне жоспарланған.

Ал 2023 жылдан бастап Ақтөбеден Көкшетау, Өскемен, Шымкент қалаларына, сондай-ақ, Үрімші, Чехия астанасы Прагаға жаңа рейстер ашылады.

Бүгінде халықаралық әуежай 12 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді. 2022 жылы Антальяға қатынайтын рейстер саны аптасына 6 рет, Мәскеуге 4 ретке ұлғайтылды. Шілде айында Бакуге рейстер ашылды.

Ал былтыр әуежай 750 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетіп, 20 мың тоннадан астам жүк қабылдаған. Жүкті тасымалдауда Ақтөбе Қазақстан бойынша 2021 жылы екінші орынға шықты.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда