Биыл жазда елімізде 38 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Жарияланды
Жас жұбайлардың басым бөлігі той үшін тамыз айын таңдаған

Қазақстанда жаз айларында 38 мыңнан астам жұп өз қарым-қатынасын заңдастырды. Бұл туралы Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.

Жас жұбайлардың басым бөлігі той үшін тамыз айын таңдаған. Жаздың соңғы айында үйленгендердің саны 15,3 мың жұпты құрады. 2021 жылдың сәйкес айларында 39,7 мыңнан астам жұптың некесі қиылған екен.

Өткен жылы, керісінше, шілде айында отасқандардың саны көп болған – 14 мыңнан астам неке.

Жаз маусымында неке саны бойынша Алматы мен Астана қалалары және Түркістан облысы көш бастап тұр. Жазда қалалық жерлерде 10,6 мың неке, ауылдық жерлерде 4,6 мың неке қиылды.

Сондай-ақ оқыңыз