Қырғызстанда өсімдік майы мен ет бағасы төмендеді

Жарияланды

Қырғызстанда кейбір тауарлардың бағасы төмендеді. Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық статистикалық комитет хабарлайды.

Бөлім мамандары шығындар бойынша зерттеулер жүргізді.

Қой етінің өзіндік құны – 0,4 пайызға, күнбағыс майы – 0,3 пайызға, түйіршіктелген қант – 1,8 пайызға, жоғары сапалы бидай ұны – 0,2 пайызға арзандағаны айтылды.

Сондай-ақ бензин бағасы – 0,6 пайызға, дизельдік отын – 0,3 пайызға төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз