Қазақстан Киевтегі елшілігін жапқан жоқ

Жарияланды
Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі барлық қызметкерлерді эвакуациялау туралы айтқан болатын

Қазақстан Украинадағы күрделі әскери жағдайға қарамастан Киевтегі елшілігін жапқан жоқ. Бұл туралы ведомствоның Telegram-каналында хабарланды.

Украина Жоғарғы Радасының халық депутаты Сергей Евтушенко Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевпен кездесіп, елшіліктің дипломатиялық қызметкерлерінің Киевте қалғаны үшін алғысын білдірді.

Екі тарап елдер арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, естелік сыйлықтармен алмасты.

Сондай-ақ оқыңыз