Жаңалықтар

Қазақстандық автоөнеркәсіп оң динамикасын сақтап отыр

Еліміздегі өңдіріс бір жылда 25%-ға өсті

Қытайда өндіріс өсімі небәрі 5%-ды құрады, Оңтүстік Кореяда — 2%-дан аз, ал жапон және британдық автоөндірушілер минуста. Бұл туралы Energyprom.kz мәлімдеді.

Жалпы автомобиль өнеркәсібі қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатыр: ұзаққа созылған пандемия және одан кейінгі локдаундар, жартылай өткізгіштердің тапшылығы және жаһандық жеткізу тізбегінің бұзылуы автоөнеркәсіпке кері әсер етті. Оған қоса Украинадағы соғысқа байланысты геосаяси дағдарыс қосылды. Нәтижесінде автоөнеркәсіпке қажетті шикізат пен компоненттердің тізбегін тіптен бұзды.

Дегенмен, дағдарыс Қазақстанның автоөнеркәсіп саласына соншалықты әсер еткен жоқ: мысалы, биылғы қаңтар–тамыз айларында елімізде 68,6 мың автокөлік шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 24,7% артық.