Елімізде 9 айдың ішінде 5,08 млн тонна сүт өндірілді

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% артық

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда 5 087,7 мың тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% артық. Бұл туралы Ұлттық ститистика бюросы хабарлады.

Осы мерзім ішінде 3824,4 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді.

Сондай-ақ мал мен құс етінің сойыс салмақтағы көлемі 846 959,1 тоннаны құрады.

1 қазандағы жағдай бойынша ірі қара мал саны 8 963 856 басты құрады (2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7% – ға көп). Қой малының бас саны 20 960 522 болса, жылқы – 3 785 680, құс саны 50 019 554 құрады. Ірі қара мен қой саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, сәйкесінше 1 141 809 және 4 764 667 бас. Жылқы саны бойынша да Түркістан облысы бірінші орында – 414 941 бас. Түйе саны бойынша Маңғыстау облысы – 83 350 бас, ал құс саны Алматы облысында ең көп – 9 429 133 бас.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда