ҚР азаматтары қайтыс болғаннан кейін ағзаларын алуға келісімін немесе бас тартуын тірі кезінде тіркей алады

Жарияланды (жаңартылды )
Ағзалардың қайтыс болғаннан кейінгі донорлығын ресімдеу тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының азаматтары кодекстің 209-бабының 8-тармағына сәйкес транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін ағзаларды алуға келісімін немесе бас тартуын тірі кезінде тіркей алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау мигистрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл қайтыс болғаннан кейінгі ағзаларды донорлық ету құқығын білдірген азаматтарды тіркеу тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) арқылы тіркелген жері бойынша емханаға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тікелей хабарласу арқылы жүзеге асырылады. egov.kz порталында қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісім беру немесе бас тарту үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе бір реттік пароль арқылы жүйеге кіріп, бұдан әрі «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Трансплантациялау мақсатында қайтыс болғаннан кейін ағзаларды өмір бойы ерікті донорлыққа келісімді немесе келісімді қайтарып алуды (яғни бас тартуды) тіркеу» қызметін таңдау қажет.

Содан кейін өтініш түрін таңдау керек: «келісімді қайтарып алуды тіркеу (бас тарту)» немесе «келісімді тіркеу». МСАК ұйымында қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өз ерік білдіруіңізді тіркеу үшін тіркелген жеріңіздегі емханаға жүгіну керек, онда жауапты тұлға жеке басыңызды және тіркелу мәртебесін куәландыратын құжаттарыңызды тексереді, содан кейін тиісті үлгіні (бас тарту немесе келісім) ұсынады.

Толтырылған үлгі тіркелімге енгізіледі, ал сізге бірінші басшының қолы қойылған және МСАК ұйымының мөрімен бекітілген ерік білдіруді тіркеу туралы анықтама беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарына ағзаларды транспланттау тегін жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз