«Мега Алматы» сауда ойын-сауық маңында жаңа емхана салынады

Жарияланды
Құрылыс келесі жылы аяқталады

«Мега Алматы» сауда орталығының төңірегінде азаматтарды әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету үшін қала тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, Алматы әкімдігі саябақ аймағы бар 500 келушіге арналған емхана салу үшін 1,1 га жер телімін сатып алды.Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылдың IV тоқсанында қажетті құжаттама әзірленгеннен кейін құрылыс басталады.

«Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында» операциялық блог пен қабылдау бөлімшесін салу жұмыстары 50%-ға аяқталды. Құрылыс келесі жылы аяқталады.

2023 жылдың ақпанында «Керуен Медикус» жеке клиникасы перзентханасының жаңа ғимараты салынып бітеді.

Сондай-ақ оқыңыз