Қостанай облысында алаяқтар тұрғынның депозитінен 10 млн теңге шешіп алған

Алаяқтар жәбірленушіге мобильді қосымшаны жаңартуды ұсынған

Қостанай облысында алаяқтар тұрғынның депозитінен 10 млн теңге шешіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтар әртүрлі транзакциялар жасайды, ал банктік шот иелері бұл туралы тіпті білмейді. Қостанайлық полицейдің жедел іс-әрекетінің арқасында қаскүнемдер арам ойын іске асыра алмады. Алаяқтардың қармағына Қостанай ауданы Заречный кентінің тұрғыны түсті.

Ол банктің жалған қызметкерлерінің нұсқауы бойынша мобильді қосымшаны жүктеп алып, нәтижесінде 10 миллион теңге акшасынан айырылды. 

«Маған алаяқтардың менің депозитімнен ақша алғысы келетінін және қосымшаны жаңартуым керек екенін айтты. Мен олардың осылайша телефоныма кіруге мүмкіндік алғандарын білмедім. Депозиттен ақша жоғалғанын білгенде, бірден полицияға хабарластым», – дейді 60 жастағы жәбірленуші.

Алаяқтар ұсталды. Зардап шеккендерге ақша қайтарылды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда