Қазақстандықтар осы аптада көбірек жұмыс істейді

Мереке күндеріне байланысты

Қазақстандықтар Республика күніне орай мерекелік демалыс күндеріне байланысты осы аптада бес күн емес, алты күн жұмыс істейді.

Сенбідегі демалыс күнін үкімет 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Осылайша, қазақстандықтардың алты күндік жұмыс істеп, одан кейін үш күн қатарынан – 23, 24 және 25 қазанда демалады.
Еске сала кетейік, қыркүйек айының соңында Сенат депутаттары Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдаған болатын.
Түзетулерге сәйкес Республика күні Қазақстандағы басты мемлекеттік мерекеге айналады. Енді 25 қазан мемлекеттік мереке болады.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қазір оқуда