Әлемдегі мектепке дейінгі дайындық жүйелері қалай жұмыс істейді?

Жарияланды
Аймағамбетов білім туралы аналитикамен бөлісті

Әлемдегі мектепке дейінгі дайындық жүйелері қалай жұмыс істейді? Бұл сұраққа Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы өзінің жеке Telegram арнасында жауап берді.

«Білім туралы аналитикамен бөлісуді жалғастырамын. Осыдан бірнеше күн бұрын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жыл сайынғы «Education at a Glance 2022» білім беру көрсеткіштері туралы баяндамасын жариялады. Биылғы басылымның жоғары білімге бағытталғанына қарамастан, қызықты деректер басқа деңгейлер бойынша да берілген. Онда мектепке дейінгі тәрбие мен білімнен бастайық»,-деді Аймағамбетов.

Әлемдегі мектепке дейінгі дайындық жүйелері қалай жұмыс істейді?

• ЭЫДҰ-ның барлық елінде 3-5 жас аралығындағы балалардың 83%-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. 2005-2020 жылдары орта есеппен 3-5 жас аралығындағы балаларды мектепке қабылдау көрсеткіші 8%-ға өсті. Ал керісінше 3 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиені отбасында алады. ЭЫДҰ елдерінде осы жас тобындағы балалардың тек 27%-ы ғана мектепке дейінгі біліммен қамтылған.

• 32 елдің 14-інде мектепке дейінгі білім беру саласында үлкен жастағы мұғалімдердің (50 жастан асқан) үлесі жас мұғалімдермен салыстырғанда (30 жасқа дейінгі) екі еседен астам.

• ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс істейтін әрбір мұғалімге 15 баладан келеді. Десе де елдер арасында айырмашылық бар. Атап айтқанда, Финляндияда, Германияда, Исландияда және Жаңа Зеландияда бір тәрбиешіге 10-нан аз баладан келсе, Чили, Колумбия, Франция және Ұлыбританияда 20-дан астам балаға дейін келеді.

Сондай-ақ оқыңыз