Айыппұлдың жарты сомасын төлеу үшін не істеу керек?

Жарияланды
Мұндай жеңілдікті кім қолдана алатынын айтамыз

Көлігіңізді ақылы тұраққа қойып, ақысын төлемей кетіп қалдыңыз. Артынша 1414-тен сізге айыппұл салынғаны туралы хабарлама келді. Таныс жағдай ма? Мұндайда әкімшілік айыппұлды әжептәуір жеңілдікпен, нақтырақ айтқанда 50 пайызын төлеудің бір жолы бар. Бүгінгі материалымызда жеңілдік құқығын қай кезде және қалай қолдана алатыныңыз туралы айтамыз.

Жарты бағасын төлеу үшін

Әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасының 50 пайызын тіркелген күннен бастап бір апта ішінде төлеуге болады. Сізде мұндай құқық бар. Айыппұлды мұндай жеңілдік қысқартылған әкімшілік іс түрінде қаралады. Ол құқықбұзушылық жасаған адамның мынадай шарттарын ескере отырып қолданылады:

  • құқық бұзушылық жасау фактісін тану;
  • 50 пайыз көлемінде айыппұл төлеуге келісім беру;
  • ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамау. 

Мұндағы 7 күн есебіне демалыс және мерекелік күндер кірмейді. Мысалы хаттама 20 қазан, бейсенді күні жасалды делік. Кері санақ 21 қазан жұмадан басталады. Әрі жеңілдік демалыс және мереке күндерін ескере отырып, 1 қарашаға дейін жарамды. 

Қай кезде төлей алмайсыз?

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 810-бабы тәртібінде көрсетілген айыппұл сомасының 50 пайызын төлеу мүмкіндігін мына жағдайларда қолдана алмайсыз:

  • ескертуден басқа жазалардың басқа түрлері қарастырылған;
  • қылмыс жасаған адамның артықшылықтары мен иммунитеті бар;
  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Мемлекеттік кірістер органдары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын  реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкі қарайды. 

Қысқартылған өндіріс тәртібі

Құқық бұзу болған жерде белгіленген нысанды алған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесі тапсырылады (құқық бұзушының өтініші бойынша электрондық іс жүргізу кезінде) және 7 күн ішінде санкцияда көрсетілген айыппұл сомасының 50 пайызы көлемінде айыппұл төлеу құқығы нақтыланады. Көрсетілген соманың 50 пайызы мөлшерінде айыппұл 7 тәулік ішінде төленген жағдайда іс мәні бойынша қаралып, шешім заңды күшіне еніп, ал тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп есептеледі.

Камералармен және жылдамдық өлшеуіштермен тіркелген бұзушылықтар кезде

Сертификатталған арнайы бақылау және өлшеу техникалық құралдарымен және автомат режимде жұмыс істейтін  аспаптармен тіркелген  бұзушылықтардың басқа да ресімдеу ережелері болады. Полиция қызметкері кескінде шынымен бұзушылық бар екенін растайды және айыппұл төлеу қажеттілігі туралы бұйрық шығарады. Нұсқама — бұл құқық бұзушыдан айыппұл төлеуді талап ететін құжат. Нұсқама түбіртекпен бірге тәртіп бұзушылық тіркелген күннен бастап 10 тәулік ішінде көлік құралының меншік иесіне тапсырыс хатпен жіберіледі.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 743-бабы 4-1-бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес, айыппұл төлеу қажет екені туралы нұсқама көлік құралының меншік иесінің «электрондық үкімет» уеб-порталында көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жолданады. Айыппұл төлеу керегі туралы ұйғарымдар жайлы хабарламаларды алу үшін мәтіндік хабарлама жіберілген жағдайда тиісті түрде жеткізілген деп саналады.

Айыппұлдарды қайда тексеруге және төлеуге болады

          Айыппұлдың бар-жоғын тексеріп, оны онлайн-қызмет арқылы төлеуге болады.

Айта керу керек, 7 тәулік  ішінде айыппұл  мөлшері 50 пайыз мөлшерінде көрсетіледі. Сегізінші күні айыппұл өтелмеген болса, автомат түрде толық мөлшерде қойылады.

Айыппұл төлеу күні қай күн?

Айыппұл төлеген тұлға үшін міндеттемелерді орындау күні: 

  • қолма-қолсыз төлем кезінде банкоматтар немесе электрондық терминалдар арқылы төлемді жүзеге асыру күні;
  • оларды бюджетке қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда – тұлғаның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге  асыратын банктерге немесе ұйымдарға ақша енгізген күні. 

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар төлем сомасын бюджетке аударға міндетті: 

  •  төлем төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, салық төлеуші оларға бастама жасаған күні;
  •  төлем төлем карточкасын пайдалана отырып жүргізілген жағдайларда салық төлеушінің банктік шотынан ақша есептен шығарылған күннен бастап бір операциялық күннен кешіктірмей;
  • операциялық күн ішінде, бірақ қолма-қол ақшаны банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына енгізген не қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық терминалдары арқылы енгізген күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей. 
Сондай-ақ оқыңыз