Фон дер Ляйен ЕО-қа Украинаға ай сайын 1,5 миллиард еуро бөлуді ұсынды

Еуропалық Одақ бұл идеяны қарастыруда

Еуропалық Одақ Украинаға ай сайын 1,5 миллиард еуро бөлу идеясын қарастыруда, деді Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында.

«Жалпы, келесі жылы бұл көрсеткіш 18 миллиард еуроны құрайды, – деді ол.

Оның айтуынша, бұл Украина үшін «болжамды, тұрақты және сенімді қаражат ағынын» қамтамасыз етеді.

Брюссельдегі саммит қорытындысы бойынша ЕО Кеңесінің мәлімдемесі Еурокомиссияны Украинаға уәде етілген 3 миллиард еуро көлеміндегі макроқаржылық көмекті дер кезінде бөлуге шақырады.

ЕО Кеңесі Украинаның біртұтас еуропалық нарыққа шығуын жеңілдету үшін Қауымдастық келісімі мен Терең және жан-жақты еркін сауда аймағының әлеуетін толық пайдалану керек деп санайды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қазір оқуда