Сайлау-2022: Президенттікке алты үміткер тіркелді

Жарияланды
Кандидаттардың үгіт-насихат науқаны басталды

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеуді аяқтады. Сайлау додасына 6 үміткер түседі.

Ортсайлауком Төрағасының орынбасары Константин Петров жасаған баяндама бойынша, жоспарда белгіленген мерзімде келесі кандидаттар тіркелген: 

1. Тоқаев Қасым – Жомарт Кемелұлы,  

2. Қажыкен Мейрам Зекешұлы,  

3. Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы,  

4. Абден Қаракат Жақсылыққызы, 

5. Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы, 

6. Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы. 

Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне 6 кандидат тіркеді. Оның ішінде 2 әйел және 4 ер адам; 1 мемлекеттік қызметкер, 1 коммерциялық құрылымның өкілі, 4 үкіметтік емес сектордың өкілдері, оның ішінде 1 саяси партияның өкілі бар.

 Сайлау алдындағы үгіт 21.10.2022 жылы сағат 18.00-ден кейін басталып, 2022 жылдың 19 қараша сағат 00-00-ге дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз