Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеуді аяқтады. Сайлау додасына 6 үміткер түседі.
Ортсайлауком Төрағасының орынбасары Константин Петров жасаған баяндама бойынша, жоспарда белгіленген мерзімде келесі кандидаттар тіркелген:
1. Тоқаев Қасым – Жомарт Кемелұлы,
2. Қажыкен Мейрам Зекешұлы,
3. Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы,
4. Абден Қаракат Жақсылыққызы,
5. Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы,
6. Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы.
Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне 6 кандидат тіркеді. Оның ішінде 2 әйел және 4 ер адам; 1 мемлекеттік қызметкер, 1 коммерциялық құрылымның өкілі, 4 үкіметтік емес сектордың өкілдері, оның ішінде 1 саяси партияның өкілі бар.
Сайлау алдындағы үгіт 21.10.2022 жылы сағат 18.00-ден кейін басталып, 2022 жылдың 19 қараша сағат 00-00-ге дейін жалғасады.