Астанада «MEDIA WEEK – 2022» апталығы өтіп жатыр

Жарияланды
«Жаңа медиа» қалай қалыптаспақ?

Қазақ масс-медиасындағы түрлі тақырыптарды қозғайтын алаң, биыл басымдықты META жобаларына берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жаңа – дәуір – Жаңа медиа». Биылғы шара осылай аталады. «Жаңа дәуір» дегеніміз түсінікті, ал «Жаңа медиа» қалай қалыптаспақ?

«Еліміздің тұрғындары мен  аудиториясына бейімделген осы ват-сап, телеграмм, TikTok желілерін қалай жүргіземіз? Оларды қалай пайдаланамыз? Қандай контент ұсына аламыз? Қандай бағыттар бере аламыз? Осылар медиа уикте талқыланады. Өйткені МЕТА әлемі ол жаңа бір құбылыс, жаңа бір әлем болып саналады»,-деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басқарма басшысы Айбек Теміров.

Біздегі интернет тұтынушылардың 63%-і әлеуметтік желіні ақпарат алу үшін қолданады. Әсіресе 16-64 жас аралығындағылар. Media weekте «Метаға» мән берілуі содан. Байланысты нығайту мақсатында холдинг бізде өкілдік, ал TikTok кеңсе ашатын болды.

 «TIKTOK» компаниясы осыған дейін Kazakh Tourism-мен бірге «Travel Kazakhstan» жобасын іске асырған. Нәтиже жаман емес. Елдегі туристік аймақтар туралы бейнежазба 20 млннан астам қаралым жинады. Дәл осындай тетіктерді енді білім саласында да сынап көрмекпіз.

«Енді ақпарат виртуалды форматта жасалып, виртуалды форматта тарайды. Біздің балаларымыз екіге жарылған қос әлемнің ортасында жаңа виртуалды шынайылыққа үйреніп кеткен. Яғни олар – жаңа вируталды ақпаратты қорытуға дайын буын. Мәдениет, құндылықтар өзгеріп жатыр, сондықтан біз де ақырындап дайындықты бастадық»,-деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.


Сондай-ақ оқыңыз