Қазақстанда трояндық тыңшылардың көмегімен 13 мың шабуыл жасалды

Жарияланды
2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға өсті

«Kaspersky» мәліметтері бойынша, 2022 жылдың қаңтар — қыркүйек айларында әлемде мобильді құрылғыларды пайдаланушыларға трояндық тыңшылардың шабуылдары 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға өсті.

Осы уақыт ішінде Қазақстанда компания осындай 13 мыңға жуық шабуылды тіркеді. Бұл бағдарламалар пайдаланушының жеке деректерін олардың келісімінсіз жинайды және оларды алаяқтарға береді. Олар әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде хат алмасуға қол жеткізе алады, батырмалардың басылуын талдай алады, экранның скриншотын түсіре алады. Және бұл олардың жасай алатын функционалының толық тізімі емес. Зиян бағдарламалар қарапайым пайдаланушыларды аңду үшін де, компанияларға күрделі мақсатты шабуылдар аясында да қолданылады. 

Құрылғыда шпиондық БҚ орнатылғанын өз бетіңізше анықтау өте қиын. Жанама белгілердің қатарында – батареяның тез таусылуы немесе трафиктің көп мөлшерінің тұтынылуы. Дегенмен, смартфонда шпиондық БҚ жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін қорғаныс шешімін пайдалану керек немесе мамандарға хабарласу керек.

«Адам туралы деректерді жинау үшін шабуылдаушылар тек шпиондық БҚ-ны ғана емес, сонымен қатар сталкерлік БҚ-ны да қолдана алады. Соңғысы аңдуға арналған коммерциялық бағдарламалар болып табылады. Мұндай софтты орнату үшін смартфонға тікелей қол жетімділік қажет, сондықтан оны көбінесе жәбірленушімен жақын таныс адамдар теріс пайдаланады. Айта кетейік, 2022 жылы біздің шешімдеріміз сталкерлік қосымшаларды қолдана отырып, қазақстандықтарға екі мыңға жуық шабуылды тіркеді», — деп түсіндіреді «Kaspersky»-дің киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Виктор Чебышев.

Ізіңізге түсудің құрбаны болмас үшін «Kaspersky» пайдаланушыларға:

  • қолданбаларды тек ресми дүкендерден жүктеп алуды немесе орнатқыңыз келетін бағдарламаларды қорғаныс шешімімен тексеруді;
  • қолданбаларды үнемі жаңартып отыруды – олармен бірге әзірлеушілер осалдықтар мен қателерді түзететін патчтарды шығарады;
  • Android үшін Kaspersky Internet Security сияқты мобильді құрылғыларда да қорғаныс шешімін қолдануды;
  • қолданбаға қандай рұқсаттар беретініңізге назар аударуды: мысалы, шартты «Қолшам» қолданбасына байланыс деректемелеріне қол жеткізудің қажеті жоқ;
  • егер аңду сталкерлік БҚ көмегімен жүргізілсе, оны өзіңіз анықтауға тырысуға болады: ол үшін Android-де қосымшалардың рұқсаттарын тексеру керек. Әдетте, сталкерлік бағдарламалар камера мен микрофонға, геолокацияға, AccessibilityService қызметіне қол жеткізеді және құрылғыда әкімші құқығына ие болады;
  • егер адам өз құрылғысында сталкерлік немесе шпиондық БҚ-ны тапса, оны дереу алып тастамағаныңыз жөн — аңдуды ұйымдастырушы бұл туралы тез біліп қояды және бұл жағдайда қандай салдары болатыны белгісіз.
Сондай-ақ оқыңыз