Елімізде күнбағыс майының ең қымбат бағасы Қонаевта тіркелді

Жарияланды
Ал ең арзан баға Өскемен қаласында тіркелді

Орта есеппен екінші тоқсанда жан басына шаққанда үй шаруашылықтары 3,5 литр күнбағыс майын тұтынған. Бұл турал ҚР Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Ауыл тұрғындары үй шаруашылығында тоқсанына 3,7 литр май жұмсаса, қалалық жерлерде тұтыну көрсеткіші 3,3 литрді құрады.

Қыркүйек айында күнбағыс майының бір литрі бөлшек саудада орта есеппен 891 теңгеден сатылды.

Ал өңірлер арасында күнбағыс майының ең қымбат бағасы Қонаевта (1001 теңге) тіркелген, ал ең арзан баға Өскемен қаласында. Ондағы майдың бағасы литрына 743 теңгеден.

Сондай-ақ оқыңыз