Қоқыс өңдеп, айына 8 млн табыс табуға бола ма?

Жарияланды
Ғани Арысбеков қоқыс өңдеу саласын дамытуымыз керек дейді

Қазіргі кезде бүкіл әлем жұртшылығының назарындағы күрделі мәселе қоқыс. Қазақстанда да қоқыс өңдеп, одан шикізат шығару саласы біртіндеп дамып келеді. Осы орайда кәсіпкер Ғани Арысбеков тұрмыстық қалдық пен қоқыстан құрылыс пен бау-бақшаға қажет құбыр шығаратын зауыт ашқан.

– Негізгі мамандығыңыз қандай? Неге көптеген кәсіп ішінен қоқыс өңдеу зауытын аштыңыз?

– Менің негізі мамандығым – есепші. Қоқыс өңдеу зауытын ашқан себебім, жылдар бойы шірімей жататын пакеттердің көзін жойып, қоғамға аз болса да, пайдалы болу үшін. Ал екіншіден, бұл бизнесте қаражат жағынан пайда бар екеніне көзім жетті.

– Ғани мырза, сіздер өндіріске қажетті қоқысты қай жерден аласыздар?

– Өңдіріске қажетті қоқысты полигон мен базарлардан алдыртамыз. Қоқыс жинап әкелетін жұмысшыларды жалдаймыз. Бір келі қоқысқа арнайы бекітілген бағаны төлейміз.

– Трубаны нақты қандай қоқыстан шығарасыздыр?

– Трубаны шығару үшін пакет, пластик және бөтелкенің қақпағы қажет. Барлық қоқысты арнайы құрылғыға салып, үгітеміз. Солай, бірнеше құрылғадан өткен қоқыстан құбыр жасаймыз. Бұл құбырларды бау-бақша, құрылысқа қолдану үшін дайындап, сатамыз.

– Жалдаған жұмысшыларға бір келі қоқысты жинап әкелгенге қанша теңге төлесіздер?

– Жалдаған жұмысшыларға қоқысты жинап әкелгені үшін, 1 келісіне 50-70 теңге аралығында төлейміз. Ал, тапсырыс беріп алдырған 1 келі қоқыстың құны 100-150 теңге көлемінде болады.

– Қазақстаннан Қытайдан бөлек тағы қай елдер қоқыстарды алып кетеді?

–  Қытайдан бөлек, Ресей мен Өзбекстан да,  өз еліңде қоқыстарды өңдеу үшін тапсырыс беріп, алып кетеді.

– Шығаратын өндірістен, яғни труба жасап қанша қаражат табасыздар?

– Дайын өнімнің 1 тоннасынан 400-450 мың теңгеге жуық пайда көреміз.

– Сіздер шығарып жатқан трубалар осыған дейін Қытайдан келді ме?

– Иә,қазір де келеді. Бірақ өте аз. Қазіргі кезде біз Қытайдан келетін трубаның орнын алмастырдық деп айта аламыз.

– Қазақстан бойынша бәсеке бар ма?

–  Әрине, бар. Алматы қаласы бойынша бәсекелестер өте көп. Ал жалпы, Қазақстан бойынша алатын болсақ, Шымкент пен Ақтөбеде осы саламен айналысатын кәсіпорындар бар. Басқа қаладарда тек кішкентай кәсіпорындар ғана бар.

–  Қоқыстан өңделіп, дайын болған трубаларды Қазақстан нарығында қанша теңгеден сатасыздар?

– Дайын трубаның бір метр  құны 500-800 теңге көлемінде сатамыз.

– Кез келген адам кәсіпкер бола алады ма?

– Жоқ. Кез келген адам кәсіпкер бола алмайды. Бизнес бастау оңай шаруа емес. Міндетті түрде қосымша жоспар болуы қажет.

Сұхбатыңызға рақмет.

Сондай-ақ оқыңыз