Жаңалықтар

Желтоқсан айынан бастап коммерциялық пойыз билеттері 20%-ға қымбаттайды

Ұлттық тасымалдаушы жоғарғы және төменгі орындар билеттер құнына сараланған тәсіл енгізеді

Пилоттық режимде «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізеді. Бұл туралы Қазаақстан Теміржолы баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайды.

Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады.

Сараланған тәсіл келесі жолаушылар пойыздарында қолданылады:

  1. № 111/112 «Алматы – Маңғыстау»;
  2. № 51/52 «Алматы – Орал»;
  3. № 105/106 «Алматы-Петропавл»;
  4. № 71/72 «Астана-Шымкент»;
  5. № 29/30 «Алматы-Атырау