Алматыдан Мәскеуге ұшқан ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

Жарияланды
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ

Алматыдан Мәскеуге ұшқан SU9 FV6536 ұшағы Шереметьевоға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы «Известия» хабарлады.

Yandex.Travel сайтының хабарлауынша, рейс Sukhoi Superjet 100 ұшағы «Россия» әуе компаниясына тиесілі. Ұшақ қонар алдында кеме экипажы қозғалтқыштан гидравликалық сұйықтық ағып жатқаны туралы белгі берген.

Зардап шеккендер жоқ, басқа мәліметтер анықталуда.

«Россия» авиакомпаниясы Аэрофлот тобына кіреді. Сондай-ақ, Ресейдегі ең ірі әуе тасымалдаушыларының бірі болып табылады. 1934 жылы 7 мамырда құрылған. Штаб-пәтері Санкт-Петербургте орналасқан. Компания 130 ұшақты басқарады. 2021 жылдың соңында ол 9,96 миллион адамды тасымалдады.

Сондай-ақ оқыңыз