Freedom Finance Europe EuroCCP еуропалық клирингтік орталығына тікелей мүшелікке кірді

Жарияланды
EuroCCP мүшелері-әлемдегі ең ірі қаржы ұйымдары болып табылады

Freedom Finance Europe (FFE) Еуропаның ең ірі үш орталық контрагентінің бірі European Central Counterparty Ltd. (EuroCCP) клирингтік орталығына тікелей мүшелікке кірді. 

EuroCCP-мен әріптестік компанияның клиенттеріне сауда-саттық көлемі бойынша жетекші панъеуропалық Cboe Europe қор биржасына, сондай-ақ басқа еуропалық алаңдарға тікелей шығуға қамтамасыз етеді.

Евгений Тяпкин, Freedom Finance Europe атқарушы директоры:

«EuroCCP-те есеп айырысу, Euroclear-ға жеткізу, бұл — тек инвестициялық компанияда ғана болатын биржалық инфрақұрылым. EuroCCP-ке тікелей мүшелік бұл – бүкіл холдингтің биржалық инфрақұрылымының дамытуының маңызды кезеңі әрі Freedom Finance Europe-тің Еуропаның қаржы нарығындағы іскерлік беделін тағы бір растау болып саналарды. Әлемдегі ең ірі қаржы ұйымдары EuroCCP мүшелері болып табылады әрі біз осындай беделді компанияның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз».

FFE компаниясына жаңа мәртебе Euroclear-да есеп айырысуды жүргізуге және клиенттердің өтінімдерін тікелей орындауға мүмкіндік береді. Осындай жұмыс сызбасы прайм-брокерлер түріндегі делдалдардың қатысуын толығымен болдырмайды және бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізудің неғұрлым тиімді әрі қауіпсіз тәсілі болып табылады. Сонымен бірге, EuroCCP-ға мүшелік мәміленің екі тарапын қорғауды қамтамасыз етеді және егер тараптардың бірі өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, оларға мәміленің келісілген баға бойынша есептелетініне сенімділік береді

Сондай-ақ оқыңыз