Конгода концерт кезінде 11 адам көз жұмды

Жарияланды
Көптеген адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Конго астанасы Киншасадағы концерт кезінде дүрбелең туып, 11 адам тапталып көз жұмды. Сондай-ақ, 7 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиғаның болған себебі, концертке билеттің шамадан тыс көп сатылып, стадионның адамдарға лық толуы себеп болды.

Стадион ішіне сыймай дәлізде тұрған көрермендер әншіні көру үшін сахнаға қарай жүгіріп, бір-бірін итеріп, кептеліп қалған.

Қайғылы оқиға осы елдің танымал әншісі Фалли Ипупаның концерті кезінде болған.

Сондай-ақ оқыңыз