Мұсылман елдерінде криптовалюта қолдануға тыйым салынған ба?

Биткоин - әлемдегі ең танымал криптовалюта

Биткоин деген не?

Биткоин (Bitcoin) — орталықсыздандырылған виртуальды валюта. Транзакциясы шифрленетін және қолдану аясы анонимді түрде болғандықтан биткоинды виртуалды «криптовалюта» деп те атайды.

Биткоинды төлем құралы ретінде пайдаланып, тауар сатып алуға, телефон байланысы, не хостинг ақысын төлеуге және тағы басқа төлемдер жасауға болады.

Мұсылмандарға биткоин криптовалютасын қолдануға тыйым салынған ба?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің шешімі бойынша, биткоин криптовалютасын қолдануға тыйым салынған. Оған төмендегідей дәлелдер келтірілген.

Біріншісі, шариғат бойынша қандай да бір ақша негізге алынуы үшін мемлекет тарапынан шығарылуы керек және оның кепілдігі мен қорғауында болуы шарт.

Биткоин ешбір ұлттық валютаның сипатына келмейді. Өйткені ол мемлекеттік органдардың кепілдігімен әрі қаржылық заңдар мен қорғалмаған, нақты активі жоқ, орталықтандырылмаған виртуалды ақша. Кез келген сәтте оның нарығы күрт өсіп немесе түсіп, одан адамдар зиян шегуі мүмкін.

Екіншісі, биткоинның процесстері көбіне жасырын жүзеге асады. Бұл өз кезегінде шариғат тыйым салған алдауға, алаяқтыққа соқтырады.

Үшіншісі, биткоин валюта немесе тауар ретінде жауапты тараптардың бақылауынан тыс қалады. Бұл елдің ішкі экономикасына кері әсер етіп, қоғамның тұрақсыздануына жол ашуы мүмкін.

Мысыр елінің пәтуа комитеті, Еуразия мұсылмандарының пәтуа шығару кеңесі сияқты ірі ұйымдар да биткоин криптовалютасын пайдалануға тыйым салған.

Қай елдерде биткоинға тыйым салынған?

Исландия азаматтарына биткоин сатып алуға ресми түрде тыйым салынған. Исландия билігінің мұндай әрекеті елдегі қаржыныі өзге елге кетуіне жол бермеу әрекетімен түсіндіріледі. Биткоинге Боливия, Эквадор, Бангладеш және Вьетнамда да ресми түрде тыйым салынған.

Таиланд биткоинге заңнамалық деңгейде ресми түрде тыйым салған әлемдегі бірінші ел болды. Алайда, біраз уақыттан кейін олар ойларын өзгертіп, қайтадан  биткоинды пайдалануға рұқсат берді.

Кез келген криптовалюталық транзакция Қытайда заңсыз деп танылды. Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық Соты цифрлық активтердің кез келген транзакциялары «заңсыз қаражат жинау» санатына жатады деп шешті. Бұл транзакцияларды жүзеге асыратын пайдаланушылар қылмыстық қудалауға ұшырайды.

Биліктің өзі криптовалюталарға тыйым салуды бақылаудың қиын екені және салық төлеуден жалтару үшін пайдалану мүмкіндігімен түсіндіреді.

Биткоин жайлы қандай қызықты ақпарат бар?

Марк Цукерберг 2021 жылы Facebook желісінде екі ешкісінің суретін жариялады. Ол үй жануарының біреуін Макс, ал екіншісін Биткоин деп атады. Бизнесмен жануарларға неліктен мұндай лақап ат қойғанын түсіндірмеді. Бірақ, көптеген желі қолданушылары оның бұл әрекетін «болашақта басты қаражат құралы криптовалюта болуы мүмкін» деген болжам деп қабылдады.

Критовалюта енді шыққан уақытта адамдар биткоинмен ештеңе төлей алмады. Біраз уақыттан кейін, американдық программист керісінше екенін дәлелдеуге тырысты. Ол 10 мың электронды тиынды екі пиццаға айырбастаған. Ол кезде 25 доллар тұратын. Бүгінде ол ең қымбат кешкі ас ретінде тарихта қалды, өйткені, оның құны шамамен 8,5 миллион долларды құрады.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда