Үндістанда көпір қирап, қаза тапқандардың саны 100-ден асты

Жарияланды
Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады

Үндістанның Гуджарат штатындағы Морби қаласында қираған көпірден мерт болғандардың саны 100-ден асты. Бұл туралы жергілікті India today ақпарат агенттігі хабарлады. Жарақат алған ондаған тұрғын жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп жатыр. Көпір опырылғанда үстінде 400-ден астам адам болған екен. Қазір Мачху өзеніне құлағандарды құтқару операциясы жалғасып жатыр. Судың ағысы жылдам болғандықтан жұмыс қиынға соғуда. Ұлттық Конгрестің өкілдері апатты қатаң сынға алып, оқиғаға кінәсі барларды қатаң жазаға тарту керек дегенді алға тартты. Олардың айтуынша Морби қаласындағы көпір ресми рұқсатсыз ашылған екен.

Сондай-ақ оқыңыз