ЕО 2035 жылға қарай жанармаймен жүретін көліктерден бас тартады

Еуропалық парламент пен Еуропалық кеңес өкілдері арасындағы келісімге қол қойылды

Еуропалық заң шығарушылар 2035 жылға қарай ЕО шекарасында жаңа жеңіл автомобильдер мен іштен жанатын қозғалтқышы бар фургондарды сатуды кезең-кезеңімен тоқтату туралы келісімге келді. Бұл туралы ru.euronews хабарлады.

Еуропалық парламент пен Еуропалық кеңес өкілдері арасындағы келісім 27 қазан күні кешке қол жеткізілді және 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын кемінде 55%-ға азайтуға бағытталған Fit for 55 пакеті аясында қабылданған бірінші келісім болып табылады.

Жаңа заңнама 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2030 жылға қарай жаңа жеңіл автомобильдер үшін CO2 шығарындыларын 55%-ға және жеңіл жүк көліктері (фургондар) үшін 50%-ға азайтуды талап етеді. Негізгі мақсат – 2035 жылға қарай автокөліктерден СО2 шығарындыларын 100%-ға азайту, яғни іштен жанатын қозғалтқышы бар жаңа автокөліктерді сатуға тыйым салу.

Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметтері бойынша, автомобиль көлігі ЕО-дағы барлық парниктік газдар шығарындыларының 30% және ЕО-да қолданылатын мұнайдың үштен екісіне жуығын құрайды.

Google News сайтында бізге жазылыңыз
Қатысты материалдар
Қазір оқуда