Кез келген адам кәсіпкер бола ала ма?

Жарияланды
Бизнесменге қажетті басты қасиет пен машықтар қандай?

Елімізде кәсіптің көзін тапқандар көбейіп келеді. Қазіргі уақытта көптеген адам жалдамалы жұмыс істегеннен гөрі, жеке кәсіп ашып, өз саласын дамытып, жақсы пайда тапқысы келеді.

Кәсіпкер (Entrepreneu ) – француз тілінен енген сөз. Ол алғаш рет 1723 жылы қолданылды. Қазіргі таңда «кәсіпкер» жаңа кәсіпорынды басқару қабілетімен бастама және инновация енгізеді деп анықталады. Әйгілі экономист Роберт Рейчтің айтуы бойынша, тимбилдинг, көшбасшылық және басқару қабілеті – кәсіпкерге ең керек қабілеттер.

Кәсіпкер болу бұл жақсы табыс табу ғана емес, сонымен қатар, қызметкерлер  алдындағы үлкен жауапкершілік. Бизнесті дұрыс жүргізу үшін, әрине, білім керек. Бірақ бұл қатып қалған қағида емес. Табысты адамдардың айтуынша, балалық шағында немесе жас кезінде қалыптасқан қабілет-қасиеттері оларға білімнен де көбірек көмектескен.

Кәсіпкерде нақты қандай тұлғалық қасиеттер болуы қажет?

Табандылық. Сіздің жобаңызды іске қосу кезінде, күтпеген қиындықтар туындауы мүмкін, оларды еңсеру қажет. Өз бизнесіңізді бастаған кезде сіз өз қателіктеріңізден сабақ ала отырып, қолайсыздықтарға төтеп беруге және мәселелерді шешуге дайын болуыңыз керек. Тұрақты сәтсіздіктер мен қиындықтар жағдайында жұмыс істеу қажытады және табысқа жету үшін дағдарыстарды жеңе білу керек;

Өзіне сенім. Егер сіз өзіңізді талантты және табысты басқа адамдармен салыстырсаңыз, сіз тырысудың қажеті жоқ деп шешуіңіз мүмкін. Мерзімінен бұрын берілмеу үшін өзіңізге, идеяңызға және күшіңізге үлкен сенімді сезіну керек;

Батылдық.Сіз ыңғайлы (комфорт)аймағыңыздан шығып, әдеттегі өмір ырғағын тастап, жаңа нәрсені бастау үшін батылдық қажет. Ұзақ және егжей-тегжей ой жүгірткеннен кейін, мүмкін болатын барлық нәрсені есептеп,  нақты қадамды жасауға шешім қабылдай алу керек;

Икемділік және тепе-теңдік сезімі. Әрбір жобада болатын өзгермелі жағдайларға бейімделуі керек. Тақырыпты қаншалықты мұқият зерттеп, бизнес-жоспар ойластырылғанына қарамастан өзгереді. Өзгерген жағдайларды байқай білу, оларға бейімделу, бастапқы идеяны сақтау және оны жүзеге асыру, онсыз табысты бизнесмен болу мүмкін емес;

Қарым-қатынас жасау және сендіру қабілеті. Адамдармен тіл табысып, оларды өз идеяңыздың, жоспарыңыздың, көзқарасыңыздың дұрыстығына сендіру – кәсіпкердің ажырамас бөлігі. Қандай стартап болса да – шағын кафе немесе IT саласындағы үлкен жоба болсын, кәсіпкер адамдармен қарым-қатынаста болады. Ол әрқашан өз идеясын қоғамға айтады, келіссөздер жүргізеді, сендіреді, сатады.

Өз бизнесін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің пікірін ұсынамыз:

 Кәсіпкер Хабиден Арманай:

«Бүкіл адам кәсіпкер бола алады. Бірақ, кез келген адам жауапкершілікті өз мойнына ала алмайды. Әрине, ең бастысы – жауапкершілік. Қарамағындағы қызметкерлер мен өз ісіне жауапкершілік танытып, дұрыс шешім қабылдай білуі тиіс».

Кәсіпкер Ғани Арысбеков:

«Кез келген адам кәсіпкер бола алмайды. Бизнес бастау оңай шаруа емес. Міндетті түрде қосымша жоспар болуы қажет».

 Кәсіпкер Елжас Пірімқұл:

«Кез келген кәсіпті қызығушылықпен істеу керек. Нәтижесі жоғары болады. Менің ойымша, әр адам бизнесмен болуы әбден мүмкін».

Кәсіпті жаңадан бастаған бизнесмендердің негізгі қателіктерін қандай?

1. Нарықты толық зерттемеу

Егер сізде бизнес бастау идеясы жанып тұрса, ең алдымен нарықты зерттеу керек. Қалай екенін білмесеңіз – сұраңыз. Түсінбесеңіз, нақты фактілерді беретін маманды жалдаңыз.

2. Дұрыс мақсат қоя алмау

Әрине, бизнес бізге қолайлы өмір сүру жағдайын жасап, қажеттіліктерімізді қанағаттандыратын ақшаны әкеледі. Дегенмен, оларды басты мақсатқа айналдырмаңыз. Бизнесті тек ақша үшін бастау – жеңіліс. Бизнес пайда табу, тез мерзімді перспектива үшін құрылса, ол тез күйіп кетеді. Кәсіпорын тек пайда табуды көздейтін болса, өнім сапасы мен тұтынушылардың назарын құрбан етеді.

3.Екі адамға арналған бизнес

Бастаған кәсіпті өз бетімен орындай алмау, біреудің пікіріне тәуелділік, іскер серіктесті дұрыс таңдамауы – жас кәсіпкерлердің басты қателіктерінің бірі. Сізге серіктес керек пе? Ойланыңыз: егер серіктеспен келіспеушіліктер болса (көп жағдайда болады), сізге бизнесті бөлуге тура келеді. Сіз бұған дайынсыз ба?

Өз бизнесіңізге серіктес тарту – жаңадан бастаған кәсіпкерлердің басты қателігі. Егер бизнес акцияларға бөлінсе, проблемалар басталады, жанжалдар пайда болады, бұл ақыр соңында компанияның күйреуіне әкеледі.

4. Бизнесті жоспарсыз бастау

Кәсіпкерлердің тағы бір қателігі – бизнес жоспарының болмауы. Бұл құжат кез келген бизнестің, тіпті ең кішкентайдың да іргетасына қажет екенін бастайық. Тәжірибесіз бизнесмендер оны құру кезеңінде көптеген қателіктер жібереді. Сәтті жобаны қаржыландыруға инвесторларды қызықтыру үшін сіздің жоспарыңыздың тұжырымдамалары шынайы және қол жетімді болуы керек. Егер сіз дұрыс жоспар жасай алмасаңыз, маманнан көмек сұраған дұрыс.

5. Қажет емес қосымша шығын шығару

Кез келген мәселеде ақшаны өте мұқият жұмсау керек. Негізсіз қаржылық шығындардан аулақ болыңыз. Бизнестің бастапқы кезеңінде сіз мекемені (жабдықты) сатып алудың орнына жалдауды пайдалана аласыз. Бұл кішігірім шығындарға да қатысты. Егер сіз бизнес құрып жатсаңыз, үнемді болыңыз. Қажетсіз шығындар жасамауға тырысыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз